Жаңалықтар

Қазақстан құрамасы географиядан халықаралық олимпиадаға қатысады

Қазақстан құрамасы географиядан халықаралық олимпиадаға қатысады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 08.08.2023 21:04 1419

Қазақстандық оқушылар 2023 жылдың 8-14 тамызы аралығында Индонезияның Бандунг қаласында өтетін IGEO халықаралық географиялық олимпиадасына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ел намысын география пәнінен Республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы және екі жетекші қорғап отыр:

Санжар Хамитов - Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы;
Арсен Сыдыков - Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы;
Қанат Серікбай - Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы;
Аида Давлетова - Астана қаласындағы НЗМ 12 сынып оқушысы.
Абай Дүйсен – ғылыми жетекші, география магистрі, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы;
Валеев Рустам – жетекші, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Айта кетсек, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жеңіп алған. Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға