ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы гандболдан Азия ойындарында алғашқы кездесуін өткізді

20.10.2025 07:32

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында іріктеу кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

19 қазанда гандболшылар арасында жүлде үшін тартыс басталды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы кездесуін өткізді.

Өкінішке қарай, отандастарымыз Кувейт командасына есе жіберді. Ойын 26:42 есебімен аяқталды.