ҰОК

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына өтті

19.07.2025 14:16

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

19 шілдеде әртістік жүзуден командалық сайыс өтті.

Отандастарымыз командалық еркін жаттығуда 261.9755 ұпай жинап, 8-орынға тұрақтады. 

Құрама сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.

Командалық сайыстың финалдық кезеңі 20 шілдеде өтеді.