ҚР ҰОК

Қазақстан қоржынына алтыншы алтын медаль түсті

15.09.2025 00:00

Қазақстандық бұрымды боксшы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова қарсылас шақ келтірмеді.

Отандасымыз ақтық сында Лекеиша Перголитимен Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Наталья Богданова еш қиындықсыз қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алтын медальға ие болған еді.