Қазақстан қорғаныс министрі ШЫҰ кеңесіне қатысты
27.06.2025 02:42
Фото:
Қорғаныс министрлігі
Қытайдың Циндао қаласында қабылдаушы тараптың төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, отырыста қорғаныс ведомстволарының басшылары жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасып, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен бірге Қазақстан қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ШЫҰ Бас хатшысымен екіжақты кездесулері өтті.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері қорғаныс ведомстволары басшыларының келесі кездесуі 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

