Жаңалықтар

Қазақстан қалаларында киноға билет қанша тұрады?

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті
Қазақстан қалаларында киноға билет қанша тұрады?
Фото: delfi.ee 13.01.2023 17:55 1926

Демалыс күндері қарсаңында қазақстандықтарға кинотеатрға бару қанша тұратынын біліп көрдік. 2022 жылғы желтоқсанда қалалардағы кинотеатрға бару билетінің орташа бағасы 1860 теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Ең қымбат билет Атырау қаласында – 2 683 тг, одан кейін Шымкент – 2637тг, үшінші орында Түркістан қаласы, мұнда кино билетінің орташа бағасы 2598 тг.

Ең жоғары баға сондай-ақ Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында тіркелді. Онда кино билетінің бағасы 1900-2500 тг аралығында.
 
Өзге қалаларда баға 1350-1850 тг айналасында. Ал ең арзан билет бағасы Тараз қаласында болып шықты. Мұнда киносүйер қауым бір сеанс үшін орта есеппен 1 321 теңге төлейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға