Қазақстан президенті Таиланд премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
28.03.2025 22:35
Фото:
akorda.kz
Мемлекет басшысы Таиландтың премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді, - деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

