Жаңалықтар

Қазақстан президенті Путинге көңіл айтты

Қазақстан президенті Путинге көңіл айтты
Фото: Ақорда 24.06.2024 08:00 1112

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Бұған дейін  Дағыстанда белгісіз адамдар тобы православ шіркеуі мен синагогада атыс ұйымдастырғанын жазғанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға