Жаңалықтар

Қазақстан президенті Несіпбек Айтұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

Қазақстан президенті Несіпбек Айтұлының дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты
Фото: Несіпбек Айтұлы 16.10.2023 12:27 683

Мемлекет басшысы көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды. 

Несіпбек Айтұлы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып, руханият саласының алға басуына күш-қайрат жұмсады. Қазақстан тәуелсіздігінің жыршысына айналған ақынның тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. 

Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына мол әдеби-мәдени мұра қалдырған Несіпбек Айтұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Бұған дейін ақын Несіпбек Айтұлы 73 жасында бақилыққа аттанғанын хабарлағанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға