Жаңалықтар

Қазақстан православтары Астана епархиясының 25 жылдығын атап өтіп жатыр

Қазақстан православтары Астана епархиясының 25 жылдығын атап өтіп жатыр
Фото: Parlam.kz 28.09.2024 15:46 394

Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Астана епархиясының 25 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Салтанатты рәсім Астанадағы қасиетті апостолдар Кирилл және Мефодий атындағы рухани-мәдени орталықта ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәулен Әшімбаев православтарды аталған маңызды оқиғамен құттықтап, Қазақстанда азаматтарға өздерінің діни және рухани қажеттіліктерін іске асыруы үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы православие еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынына да назар аударды. Сондай-ақ діни қызметкерлер жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды сақтауға және дәріптеуге елеулі үлес қосып отырғаны айтылды.

Қасиетті Мәскеу Матронасының жәдігерлерін Қазақстанға әкелу де осы маңызды күнге орай ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Бұл киелі мұраларды 27 қыркүйек пен 4 қараша аралығында Қазақстан Митрополиттік округінің барлық епархиясына апару көзделіп отыр.

Салтанатты іс-шараға Астана және Қазақстан митрополиті Александр, бүкіл Беларусь Патриархы Экзарх, Минск және Заславский Митрополиті Вениамин, Екатеринбург және Верхотур Митрополиті Евгений, сондай-ақ, басқа да рухани өкілдер мен шіркеу қызметшілері қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға