Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Палестина халқын қолдауға гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.
Тізбеде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.
Гуманитарлық жүкті тиеуді ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күштері жүзеге асырды.
Жүк "Қызыл Жарты Ай" қоғамының өкілдеріне берілетін болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

