Жаңалықтар

Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп 60 жобаны іске асырады

Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп 60 жобаны іске асырады
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.08.2024 12:37 2258

Астанада Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің алтыншы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста екі елдің сауда ынтымақтастығы жөнінде талқыланды.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 4 миллиард доллардан асты. Мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауда көлемін 10 млрд долларға дейін арттыру көзделген. Бұл үшін барлық резервтер мен екі елдің үкіметтері қабылдаған оң шешімдер бар. Бүгінде ынтымақтастығымыздың драйвері болып саналатын өнеркәсіп саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді, - дейді Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Әлібек Қуантыров.

Сөзінше, қазіргі таңда өнеркәсіптік кооперация жалпы құны 2,6 млрд доллар болатын 60 жобаны қарастырып жатыр. Оның ішінде 55 жоба Қазақстанда және 5 жоба Өзбекстанда іске асырылмақ.

Бүгінде құны 144 млн доллар болатын 11 бірлескен жоба сәтті жүзеге асырылды. Ал құны 181 млн долларды құрайтын 3 бірлескен жобаны іске асырамыз, - деді ол.

Қуантыров бірнеше маңызды жобаға тоқтала кетті.

Олар:

- CHEVROLET автомобильдерін шығаратын зауыт UzAuto Motors-пен бірге бірлесіп жұмыс істейміз (2019жыл) (құны $3,8 млн);

- бірге тұрмыстық техника шығаратын ARTEL Engineering зауытын іске қостық. Ол 2023 жылы жүзеге асырылды ($54,2 млн);

Өзбекстан Республикасының аумағында:

- «ECOTON-SHARQ-мен» бірлесіп автоклавты газобетон шығаратын зауыт іске қосылды (2022 жыл, жоба құны – 12 миллион доллар).

Іске асырылатын жобалар:

- «Asia Metall Prof» компаниясымен бірге электрометаллургиялық зауыт іске қосылды ($121,3 млн, 2025 жылы іске қосу);

- «B.A. Holding» зауытымен бірлесе отырып болат дайындамаларды шығарамыз ($40 млн, 2025 жылы іске қосу).

Бұл ретте құны 2,3 млрд долларды құрайтын 46 жоба іске асырылады. Бұл динамика екі елдің серіктестігінің тиімді тұсын көрсетеді. Өнеркәсіптік кооперацияның осы бағытында үшінші елдердің нарығына экспортталатын бірлескен өнімді құру жолындағы ең маңызды қадам «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығының жобаларын тез арада жүзеге асыру деп білемін. Ол тиімді өнеркәсіптік өзара іс-қимылдың үлгісі ғана емес, сонымен қатар белсенді дамып келе жатқан Солтүстік-Оңтүстік, Орталық Азия экономикалық дәлізінің негізгі тұғырнамасы болады, - деді Қуантыров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға