Жаңалықтар

Қазақстан өткен жылы 7 елге 10 жаңа әуе бағытын ашты

Қазақстан өткен жылы 7 елге 10 жаңа әуе бағытын ашты
Фото: Air Astana 08.02.2023 11:01 1099

Қазақстан өткен жылы 7 елге 10 жаңа әуе бағытын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.

Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады.

Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті.
Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.


«Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланысты.

Қазақстанға келген әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы оңтүстік астанамыз 1,2 млн. астам турист қабылдаған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті»,-деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға