Жаңалықтар

Қазақстан өңірлерінде «Адал Азамат» принципі талқыланды

Қазақстан өңірлерінде «Адал Азамат» принципі талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 29.08.2024 21:40 516

Конституция күніне орай, Қазақстанның түрлі өңірлерінде «Конституция – адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі: Заң және Тәртіп» тақырыбында 70-ке жуық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өткен іс-шараларға жетекші сарапшылар, омбудсмендер, адам құқықтары жөніндегі уәкілдер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Негізгі тақырып ретінде қоғам мен мемлекет өмірінде адалдық, әділдік және азаматтық белсенділіктің маңызын көрсететін «Адал азамат» принципі талқыланды.

Сарапшылар конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырудың өзекті мәселелерін қарастырды. «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» ұғымы талқыланып, оны қоғамдық өмірге енгізу бойынша нақты қадамдар ұсынылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға