©El.kz

Қазақстан өңірлері бойынша Ораза кестесі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған Рамазан айының кестесін жариялады.

Қасиетті айдың алғашқы күні 19 ақпанға сәйкес келеді. Биыл ораза 29 күнге созылып, 19 наурызда тәмамдалады. Ал 20 наурызда мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін қарсы алады.

Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге белгіленген.

Сондай-ақ биылғы пітір садақасының мөлшері екі келі ұнның орташа нарықтық бағасы негізінде есептеліп, 735 теңге болып бекітілді.

Астана қаласы

Алматы қаласы

Шымкент қаласы

Семей қаласы 

Көкшетау қаласы

Ақтөбе қаласы

Қонаев қаласы

Атырау қаласы

Өскемен қаласы

Тараз қаласы

Талдықорған қаласы

Орал қаласы

Қарағанды қаласы

Қостанай қаласы

Қызылорда қаласы

Ақтау қаласы

Павлодар қаласы

Петропавл қаласы

Түркістан қаласы

Жезқазған қаласы

Ораза ниеті: Алла Тағаланың разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім.

Ауызашар дұғасы: Уа, Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризықпен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешір!