Жаңалықтар

Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлемдік рейтингтің соңғы орындарында қалды

Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлемдік рейтингтің соңғы орындарында қалды
Фото: El.kz 06.08.2024 17:54 434

Қазақстан өмір сүру сапасы рейтингінде 83 елдің ішінде 72-ші орынды иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz  порталына сілтеме жасап.

Осы жылдың ортасында Қазақстанда өмір сапасының жалпы индексі 102 болған, ең жоғары көрсеткіш – 219.

Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда сатып алу қабілеті төмен, тұрғын үй қымбат, экологиясы нашар.

Рейтинг көшбасшылары негізінен Еуропа мемлекеттері. 2024 жылдың маусымында Люксембург (219,3), Нидерланды (207,5), Дания (205,6), Оман (204,3) және Швейцарияда (204) өмір сапасының ең жоғары индекстері тіркелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға