Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығы талқыланды

Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығы талқыланды
Фото: Сыртқы істер министрлігі 23.09.2023 01:35 590

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мысырдың Қазақстандағы елшісі Манал Яхья Эль-Шиннауимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, әлемдік және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Қазақстан және Мысыр 30 жыл бойы парламентаризм, сауда, туризм және мәдени-гуманитарлық салаларда тығыз және сенімді байланыстарды сақтап келеді.

Әлібек Бақаев және Эль-Шинауи қарқынды парламентаралық диалог пен мәдени-гуманитарлық қатынастарды жоғары бағалап, сауда-экономикалық және ивестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Мысырдың елшісі өз тарапынан еліміздің жоғары даму қарқынын атап өтіп, жетекші өңірлік әріптестер ретінде Астана мен Каир арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге сенім білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға