Жаңалықтар

«Қазақстан мұғалімі-2024»: елордалық екі мұғалім елдегі үздік 10 ұстаз қатарына қосылды

«Қазақстан мұғалімі-2024»: елордалық екі мұғалім елдегі үздік 10 ұстаз қатарына қосылды
Фото: Астана әкімдігі 25.11.2024 20:49 88

Астанада «Қазақстан мұғалімі-2024» Ұлттық сыйлығының финалистерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға әлемнің әр түкпірінен келген мұғалімдер мен ғалымдар, сарапшылар қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Varkey Foundation бекіткен жаһандық мұғалімдер сыйлығы халықаралық байқауының қазақстандық кезеңі болып саналады. Онда бір миллион АҚШ доллары көлеміндегі бас жүлде білім саласына үлес қосқаны үшін әлемнің үздік мұғалімдеріне беріледі.

Байқау аясында «Қазақстан мұғалімі-2024» ұлттық сыйлығының иегері анықталып, еліміздің он үздік ұстазы анықталды. Бұл байқаудың мақсаты – ұстаздық мамандықтың маңыздылығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар үздік мұғалімдердің еңбегін халықаралық деңгейге көрсету.

Биылғы байқау рекордтық көрсеткішті көрсетіп Қазақстанның түкпір-түкпірінен 2200-ден астам педагог қатысып, олардың арасынан 10 үздік ұстаз іріктеліп алынды. Олардың қатарында елордалық екі ұстаз бар. Олар Астана қаласындағы №71 мектеп-лицейінің математика пәні ұстазы Октябрина Жунис және Экономикалық лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәні ұстазы Нұржан Байсаков. Үздік он ұстаздың қатарына кірген елордалық екі ұстаздың әрқайсысына 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға