Жаңалықтар

Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайтын болады

Қазақстан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттайтын болады
Фото: gov.kz 14.09.2024 20:03 323

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м.аСамат Төлегенов Моңғолия Ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерісоның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспортатау мәселесі талқыланды.

Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификаты келіскен болатынҚыркүйек айының басында Моңғолия өкілдері Түркістан облысының шаруашылықтарына ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі бойынша тексеріс және тәуекелдерді бағалау жүргіздіВетеринариялық қызметтің құрылымы мен елде жүргізіліп жатқан ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар оң бағаланды.

Сондай-ақтараптар Ветеринарлық бақылау және бағалау комитеті мен Моңғолияның Бас ветеринария басқармасы арасында өзара ынтымастық туралы жаңа меморандум жобасын талқылапветеринариялық мамандар мен ұлттық ветеринариялық зертханалар қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға