Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша Жапонияны артта қалдырды
Speedtest Global Index 2025 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жаңартылған рейтингін жариялап, мобильді интернет сапасы жоғары елдерді атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сол тізімде Қазақстан 45-орыннан көрінді. Бұл алдыңғы есеппен салыстырғанда бір саты жоғары көрсеткіш.
Қызығы, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы жөнінен Канада (46-орын), Италия (50), Испания (52), Германия (56), Ұлыбритания (57), тіпті Жапонияны (64) да артта қалдырған.
Қалалар рейтингіне келсек, Астана мен Алматы иық тірестіріп тұр:
- Астана бес орын төмендеп, 62-орынға түскен, орташа жылдамдық - 132,13 Мбит/с;
- Алматы екі орын төмендеп, 63-орынға орналасқан, орташа жылдамдық - 130,72 Мбит/с.
Фиксацияланған (үйдегі) интернет жылдамдығында көрсеткіш төмендеу - Қазақстан әлем бойынша 89-орында, дегенмен өткен жартыжылдықпен салыстырғанда бір саты көтерілген. Орташа жылдамдық - 82,47 Мбит/с.
Мобильді интернет жылдамдығы бойынша үздік 5 ел:
- БАӘ - 652,87 Мбит/с
- Қатар - 515,23 Мбит/с
- Кувейт - 384,40 Мбит/с
- Бразилия - 251,55 Мбит/с
- Болгария - 237,03 Мбит/с
Айта кетейік, биылғы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан мобильді интернет сапасы рейтингінде 47-орында болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім.

