Жаңалықтар

Қазақстан мен Жапония тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Жапония тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 09.08.2024 20:02 338

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «JOGMEC» жапондық металлургиялық және энергетикалық қауіпсіздік ұйымының төрағасы және бас директоры Ichiro Takahara-мен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінң мәліметінше, «JOGMEC» мұнай мен табиғи газдың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге жауапты бұрынғы Жапония ұлттық мұнай корпорациясының және түсті металдар мен минералды ресурстардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге жауапты Жапонияның бұрынғы металл өндіру агенттігінің функцияларын біріктіреді. Ұйым 2004 жылы 29 ақпанда Жапонияның мұнай, газ және металдар жөніндегі ұлттық корпорациясы туралы заңға сәйкес құрылды.

Кездесу шеңберінде барлау мен игеруді күшейту, минералды ресурстарды тиімді пайдалану және орнықты дамыту саласындағы, сондай-ақ екі ел үшін ортақ қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, технологияларды жаңғырту және трансферттеу, пайдалы қазбалардың құнын құру тізбегі, инвестициялық мүмкіндіктер және кәсіби ақпарат алмасу салаларында екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға