Жаңалықтар

Қазақстан мен Жапония стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Жапония стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: СІМ 24.02.2023 10:29 1005

Қазақстан мен Жапония арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыштың Жапония Елшісі Джун Ямадамен кездесуі барысында талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылы ішінде қол жеткізілген негізгі жетістіктерін атап өтіп, келешектегі перспективаларына тоқталды.

Қанат Тумыш екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне тоқталып, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы іс-шараларды бірлесіп атсалысуға дайындығын растады. Қазақстандық дипломат Астана мен Токио арасындағы жоғарғы және жоғары деңгейдегі саяси диалогты одан әрі нығайтудың маңыздылығы туралы мәлімдеді.

Сұхбаттастар қоршаған ортаны қорғау, көлік және логистика, цифрландыру және өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін білдіре отырып, 2022 жылы елдер арасындағы тауар айналымының өсуін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Өз кезегінде жапондық дипломат Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара тиімді ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге дайындығын білдіріп, COVID-19 індетінен кейінгі екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандырудың өзектілігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға