Жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия университеті қос диплом бағдарламаларын бастайды

Қазақстан мен Түркия университеті қос диплом бағдарламаларын бастайды
Фото: gov.kz 04.11.2023 22:03 754

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры Жанбол Жилбаев пен Тоқат Газиосманпаша мемлекеттік университетінің (Түркия) ректоры Фатих Йылмаз «Тарих» және «Шетел тілі» мамандықтары бойынша қос дипломды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі

Келісімдерге қол қою алдында екі мемлекеттің тиісті министрліктерінің нормативтік құжаттарының сәйкестігін ескере отырып, екі университеттің білім беру бағдарламаларының мазмұнын үйлестіру бойынша жарты жылдық жұмыс жүргізілді.

Айта кетейік, бұл университетте 35 мыңнан астам студент білім алса, оның 4,5 мыңы 65 елден келген студенттер.

Тоқат Газиосманпаша Университетінің (Түркия) ректоры Фатих Йылмаз келген әріптестеріне алғысын білдірді және бірлескен нәтижелі өзара іс-қимылға үміт білдірді. Ғалымдарға екі университеттің студенттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлеріне пайдасын тигізетін еңбектеріне табыс тіледі.

Іс-сапар барысында Марғұлан Университетінің делегациясы үшін академиялық қоғамдастықпен, сондай-ақ Тоқат Газиосманпаша Университетінің технопаркі және ғылыми зертханаларының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесулер барысында тараптар пікір алмасып, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы және университет ғылымын дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға