Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тәжікстан Президенті де өз ілтипатын жеткізді.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін Сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді, - деді Эмомали Рахмон.