Қазақстан мен Таиланд арасында тағы бір әуе рейсі ашылады
03.09.2025 23:14
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің «Thai Air Asia X» лоукестері Қазақстан нарығына шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көлік министрлігінің мәліметінше, тасымалдаушы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей тұрақты жолаушылар әуе рейстерін орындайды.
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

