Қазақстан мен Солтүстік Ирландия кездесуі ЭКСПО-да тікелей эфирде көрсетіледі
09.09.2023 16:43
Фото:
gov.kz
«Футбол жолы» спорт фестивалі ЭКСПО алаңында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спорт фестивалі 10 қыркүйекте сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін өтеді.
Іс-шара аясында ЭКСПО алдындағы алаңның жазғы сахнасында Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі өтеді.
Сондай-ақ жиналғандардың алдында M'Dee өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Солтүстік Ирландия матчы «Астана Арена» стадионында өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды.
Матчқа байланысты жолдардың бір бөлігі жабылады, сол себепті жанкүйер қауым ертерек шығып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

