Жаңалықтар

Қазақстан мен Швейцария бітімгерлік саласында байланыс орнатуы мүмкін

Қазақстан мен Швейцария бітімгерлік саласында байланыс орнатуы мүмкін
Фото: Қорғаныс министрлігі 17.06.2023 22:43 981

Қорғаныс ведомствосының Астана мен Алматыдағы мекемелеріне швейцариялық әскери дипломат келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Мәскеудегі Швейцария Конфедерациясының елшілігі жанындағы әскери атташе полковник Кристоф Гертч пен Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын белгілей отырып, бітімгерлік қызмет мәселелерін талқылады.

Алматыда шетелдік қонақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының әскери қызметшілерді БҰҰ миссияларының мандаттарын орындауға дайындау мүмкіндіктерімен танысты. Ол сондай-ақ казақстандық әріптестерін Швейцария қарулы күштерінің «SWISSINT» Оқу орталығының қызметі туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушылар бітімгерлік желісі бойынша байланыстарды нығайтуға өзара қызығушылық танытты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға