Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Сауд Арабиясы архив саласы бойынша келісімге келді

23.05.2025 02:32

ҚР Ұлттық архивінде Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али Сауд Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Файсал Ханеф Әл-Кахтани және Король Әбделазиз қорының директоры Турки Мохаммед Аль-Шувайермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, құжаттық мұраларды сақтау, цифрландыру және ғылыми зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Жиын барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми-зерттеу және архив қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Іс-шара аясында делегация мүшелері ҚР Ұлттық архивінің қор сақтау, қолжазбаларды реставрациялау, цифрландыру сынды қызметтерімен танысты.