Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылым мен жоғары білім саласында көпжылдық байланыс орнаған - министр

Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылым мен жоғары білім саласында көпжылдық байланыс орнаған - министр
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 26.02.2024 23:47 941

Еліміздің ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында достық қарым-қатынастағы екі елдің ғылым және жоғары білім бағытындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Ведомство басшысы отандық ғылымның соңғы жетістіктеріне, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына, жоғары білім беруді жаңғыртуға және ғалымдарға арналған бағдарламаларға егжей-тегжейлі тоқталды.
 
Сонымен қатар, тараптар көрші мемлекеттердің студенттері сапалы және қолжетімді білім алу шарттарын жақсарту туралы уағдаластыққа келді.

Ресей Федерациясы Президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізіп жатқан трансформация туралы айтты.
 
Кездесу соңында Саясат Нұрбек Қазақстан мен Ресей арасында ғылым мен жоғары білім саласында көпжылдық жемісті ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, серіктестік аясында Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасындағы филиалдары ашылды. Қазір жұмысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің, Utebayev University базасындағы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (ҒЗУ) филиалдары, сондай-ақ М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің өкілдігі белсенді жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың күзінде Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалы ашылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға