Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытайдың мызғымас саяси қатынастары дамып келе жатыр – Тоқаев

Қазақстан мен Қытайдың мызғымас саяси қатынастары дамып келе жатыр – Тоқаев
Фото: t.me/aqorda_resmi 03.07.2024 13:23 479

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге мемлекеттік сапарын Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі деп бағалайтынын айтты.

Ең алдымен шақыртуымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін қадірлі досым Си Цзиньпин мырзаға шынайы ризашылығымды білдіремін. Осы сапарыңыз Қазақ-Қытай жылнамасындағы айтулы әрі тарихи оқиға. Оған қоса бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге деген сіздің ниетіңіздің айқын көрінісі деп білемін. Мен бұл игі ұмтылысты толықтай қолдаймын. Қытай біз үшін тату көрші, достас және мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес мемлекет. Бұл біздің елдерімізге ортақ құндылықтар мен ортақ ұстаным деп айтқым келеді. Оның тарихи тағдыры тереңде жатқаны сөзсіз. Ежелден біздің халықтарымыз арасында азара өолдау негізінде тығыз сауда және гуманитарлық байланыстар белсенді дамып келеді. Халықтарымыз Ұлы Жібек жолында бастау алып, төрткүл дүниеге таралған киелі жолдарда ынтымағы мен бірлігін жарастырған. Тарих қойнауына үнілетін болсақ, Қытай елі Қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ. Ешқандай тосқауылда тұрған емес, жәрдем берді. біздің елдеріміз әрдайым тығыз байланыста және шынайы достық қарым-қатынаста болды. Бүгінде солай және солай болып қала бермек. Мен оған кәміл сенемін. Бір сөзбен, біз осы сара жолды міндетті түрде жалғастырамыз. Халықтарымыз арасындағы сан-қырлы ынтымақтастықты үдете береміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөз нәтижелері соңын айқын дәлелі екенін атап өтті. Сөзінше, Қазақстан мен Қытайдың мызғымас саяси қатынастары өзара сенім мен қолдау рухында дамып келе жатыр.

Екі ел арасында шешімін таппаған ешқандай түйіткіл жоқ. Сондықтан күш біріктіре отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық әрекеттікті жандандыруға ниеттіміз. Біз төраға Си Цзиньпин екеуміз жаңа ғана бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Құжатта екі елдің қатынастары, жетістіктері және алдағы жоспарлары кеңінен қамтылған. Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы сауда көлемі 41 млрд доллар болды. Алдағы тауар айналымын еселей түсеміз. Оған әлеуетіміз жеткілікті. Қытай біздің негізгі шетелдік инвесторымыздың бірі. Соңғы 15 жылда бұл елде Қазақстанда 25 млрд долларға жуық инвестиция тартылды. Былтыр Қазақстан экономикасына құйылған Қытай инвестициясының көлемі 16 пайызға өсіп, бірден 8 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткішті ұлғайтуға екі тарапта мүдделі. Бүгінде құны 14,5 млрд доллар болатын 45 жоба жүзеге асырылып жатыр. жалпы Қытай капиталының үлесі барлық кәсіпорындар саны – 4700-ден асады. Өзара тиімді инвестициялық жобаларды одан әрі жүзеге асырудың маңызын атап өттік, - деді Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға