Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 600 млн долларға жуықтады

Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымы 600 млн долларға жуықтады
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі 17.08.2023 03:32 974

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен бизнес-форумға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форум алаңы агроазық-түлік жүйелерінің трансформациясы және қалыптасқан үрдістер аясында өңірдегі елдердің арасындағы өзара түсіністікті жақсартуға арналған. Бизнес-форумға отандық және қытайлық жетекші компаниялардың өкілдері қатысты.

АШМ басшысының айтуынша, Қытай – ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы және озық аграрлық технологияларға ие. Бүгінгі таңда осы салада екіжақты әріптестікті арттыру үшін елеулі іске асырылмаған әлеует бар.

Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының ҚХР-ға сапары аясында биыл мамыр айында бұршақ пен жасымық, күнбағыс тұқымы, соя, мақсары мен зығыр тұқымы, сондай-ақ балық өнімдері экспорты бойынша 3 хаттамаға қол қойылғанын еске салды. Бұл қазақстандық мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ҚХР-ға экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, қаңтар-маусым аралығында Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 73%-ға артып, 578,5 млн долларды құрады.

Министр әлеуетті серіктестерге елдің инвестициялық тартымдылығы туралы  мәлімет берді. Жыл сайын АӨК-ті өтеусіз негізде субсидиялауға республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға ресурстар бөлінеді.

Сонымен қатар, қаржылық қолдау шараларынан бөлек, инвесторлар үшін әртүрлі салалық жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған.  Мәселен, инвестициялық келісімшарт, оның шеңберінде инвестициялық жобалар бірқатар салықтан босатылады. Стратегиялық инвесторлар салықтың негізгі түрлері, соның ішінде мүлік салығы, жер салығы, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша ерекше жеңілдікті шарттардға ие бола алады.

Ынтымақтастық перспективалары туралы айта келе, Ербол Қарашөкеев қазақстандық тараптың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды дамытуға қызығушылығын атап өтіп, қытайлық компанияларды АӨК саласындағы бірлескен кәсіпорындарды іске асыруға шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға