Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай арасында тауар айналымы 24 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Қытай арасында тауар айналымы 24 млрд доллардан асты
Фото: ҚР СІМ 27.04.2023 14:53 1213

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 24 млрд АҚШ долларынан асты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің 4-кеңесінде айтылды. Бұл жиынға ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу де қатысты.

ҚР СІМ мәліметінше, М.Нұртілеу өз сөзінде сауданы арттыру, экспорттық тауарлар номенклатурасын кеңейту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы өзара іс-қимылды нығайту, су мәселелері бойынша ынтымақтастықты жолға қою жөніндегі күш-жігерді біріктіру, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту және Орталық Азия мен Қытай арасындағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан біздің өңірлік диалогты дамытуға маңызды мән береді және нақты жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын. Сауда-экономикалық ынтымақтастық өзара тиімді әріптестіктің негізгі тіректерінің бірі және Орталық Азия елдері Қытайға экспортты үдемелі ұлғайту үшін жеткілікті әлеуетке ие, – деді М.Нұртілеу.

Жиында Орталық Азия елдері мен ҚХР арасында 2022 жылғы 70 млрд АҚШ доллары деңгейіндегі тауар айналымының жоспарына мерзімінен бұрын қол жеткізілгені белгілі болды.

Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 24 млрд АҚШ долларынан асса, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 34% артық екені мәлім болды.

Кеңес қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері мен Қытай сыртқы істер министрлерінің Ақпараттық коммюникесі қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға