Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында қамыс өртенді

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында қамыс өртенді
Фото: ҚР ТЖМ 05.04.2024 04:08 817

4 сәуірде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында қамыс өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, 4 сәуірде мемлекеттік шекара бойында Меркі ауданы Кеңес ауылынан 5 шақырым жерде, Қырғызстан жағынан 6-7 учаскеде қамыс өртенді. Мамандар қызыл жалын шарпыған аумақ шамамен 2 гектар деп отыр.

Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары келгеннен кейін Қазақстан аумағында өрт жоқ екені анықталды. Оттың өтуін болдырмау мақсатында оқпандарды сөндіруге беру ұйымдастырылды, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарада өрт ошақтары сөндірілді. Қырғызстан жағынан өрт ошақтары бар, ені 10 м, ұзындығы 40 м.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға