Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан бизнесмендері 300 миллион долларды құрайтын құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан бизнесмендері 300 миллион долларды құрайтын құжаттарға қол қойды
Фото: Сауда және интеграция министрлігі 18.04.2024 04:38 573

Астанада өткен Қазақстан мен Қырғызстанның бизнес-форумы аясында екі елдің бизнес-топтары жалпы сомасы $300 млн  құрайтын коммерциялық құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Онда күн электр станцияларын, ферроқорытпа зауытын, Қырғыз Республикасының аумағында тарату орталығын салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу туралы және тағы басқалар салалардағы жобаларды іске асыру мәселелері қамтылмақ.

Іс-шараның ашылуына Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Әділбек Қасымалиев қатысты. Форумға машина жасау, өнеркәсіп, металлургия, құрылыс, логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, инвестициялар, қызмет көрсету салаларымен айналысатын компаниялар қатысты. Бизнес-форумды ҚР сауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade»сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырды.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстанның тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 26%-ға артып, 1,6 млрд долларға жетті. Қазақстандық экспорттың үлесі 69% немесе 1,1 млрд долларды құрайды (өсім 35,8%). Импорт - 495,2 млн, АҚШ доллары (өсім 9%).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға