Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
07.01.2025 21:29
Фото:
t.me/pressmfakz
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды вдеомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды талқылады. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты нығайтуға қолғабыс көрсетуге өзара дайындығын растады. Сонымен қатар биыл өтетін аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

