СІМ

Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін және олардың одан әрі даму перспективаларын, сондай-ақ биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты достық пен тату көршілік рухында жан-жақты нығайтуға өзара дайындық расталды.

Тараптар өңірлік кооперацияны, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерді тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, Таяу Шығыстағы жағдайды қоса алғанда, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді».

Сұхбат барысында министрлер ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған алдағы іс-шаралар кестесін де қарастырды.