Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Оңтүстік Корея өнерпаздары классикалық музыка концертін өткізді

Астанада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы және Корея Республикасының Елшілігінің Корей мәдени орталығының ұйымдастыруымен классикалық музыка концерті өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Кеште көрерменге әлем және корей классикалық музыкасының үздік туындылары ұсынылды. Барлық музыкалық шығармаларды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Бақытжан Мұсаходжаеваның жетекшілігімен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі орындады.

Кеш бағдарламасына А. Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсы увертюрасы, Тен Чудың «Кәріс биі», «Қара пернелердегі сазды әуен», «Екі құрбы» Бетховеннің фортепиано мен оркестрге арналған до мажор концерті енген. Сонымен қатар, сахнада Германияның Бремен қаласында өткен XIV Еуропалық пианистер байқауының жеңімпазы, Брюссельдегі Елизавета патшайым, Цюрихтегі Геза Анда және Мәскеудегі А.Н. Скрябин атындағы халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал пианист Станислав Хегай өнер көрсетті.

Бұл кеш қазақ мен кәріс халықтарының арасындағы мәдени байланыстың, берік достықтың символына айналып, екі халықтың рухани мұрасын ұлы өнер арқылы тоғыстырды.