Жаңалықтар

Қазақстан мен Мысыр арасында әуе рейстерінің саны артады

Қазақстан мен Мысыр арасында әуе рейстерінің саны артады
Фото: Көлік министрлігі 07.05.2024 12:02 533

Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Мысыр тарапын Мысыр авиация министрлігі Авиациялық әкімшілігінің әуе көлігі жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Хешам Абдель Басет мырза басқарды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін, сондай-ақ әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды 2-ден 3-ке дейін ұлғайтуға уағдаласты.

Сондай-ақ тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы Air Astana және SCAT тасымалдаушыларына Fly Aystan әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапы өз кезегінде қолданыстағы EgyptAir, EgyprAirCargo және Air Cairo тасымалдаушыларына RedSea және Nile Air тағайындады. 

Сонымен бірге қол жеткізілген келісімдер бойынша екі елдің әуе компаниялары өзара коммерциялық келісімдер жасай алады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екі тараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстер санын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға