Жаңалықтар

Қазақстан мен Мексика арасындағы тауар айналымы 355 млн долларды құрады

Қазақстан мен Мексика арасындағы тауар айналымы 355 млн долларды құрады
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 22.09.2023 21:17 3145

БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мексика сыртқы істер министрі Алисия Барсена Ибаррамен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанның халықаралық бастамалары мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Мексика арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр Мұрат Нұртілеу Мексиканың Латын Америкасындағы Қазақстанның негізгі серіктесі екенін атап өтіп, мексикандық тараптың жақын арада Астанада өз елшілігін ашу жоспарын құптады.

Белгілі болғандай, Қазақстан мен Мексика арасындағы қашықтыққа қарамастан, биыл алғашқы 7 айда ғана тауар айналымының көлемі 355 млн долларды құрады.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 328%-ға жоғары. Ал 2022 жылы тауар айналымы шамамен 200 млн долларға жеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға