Жаңалықтар

Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды
Фото: СІМ 23.02.2023 21:29 1001

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Мохд Адли Бин Абдулладан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қанат Тумыш Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастығының, сондай-ақ көпжақты платформалар, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ және тағы да басқа ұйымдар аясындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

Малайзия Елшісі екіжақты ынтымақтастықты жандандыру үшін күш салу ниетін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға