СІМ-нің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Иран Каспий теңізіндегі ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

19.09.2025 04:31

Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобындағы Қазақстан Республикасының және Иран Ислам Республикасының арнайы өкілдері Зульфия Аманжолова мен Казем Гариб Абади екіжақты консультациялар өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Тараптар Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге қатысты көптеген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Теңіз акваториясын делимитациялауға, түрлі деңгейдегі алдағы іс-шараларды дайындауға, сыртқы істер министрлерінің кездесулері мен Каспий саммиттерінің қорытындылары бойынша тапсырмаларды іске асыруға байланысты міндеттерді шешуде көзқарастардың жоғары деңгейі мен жақындығы аталып өтті.

Келіссөздер дәстүрлі достық, өзара түсіністік пен конструктивті түрде өтті.