Жаңалықтар

Қазақстан мен Германия энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Германия энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 21.10.2023 05:11 875

16-20 қазан аралығында Қазақстан-Германия энергетикалық диалогы шеңберінде қазақстандық делегация Берлин қаласына «Энергетикалық ауысу және климатты қорғау: энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздері саласындағы тәжірибе» тақырыбындағы екі жақты кездесулерге қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық делегация құрамына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері, бизнес және коммерциялық емес ұйымдардың сарапшылары кірді.

Министрлік мәліметінше, энергетикалық диалогтың негізгі тақырыптық бағыттары өнеркәсіптегі энергия тиімділігін арттыру, ғимараттардағы энергия тиімділігі, сутегі энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері болып табылады.

Сапардың мақсаты ГФР-ның өнеркәсіп пен ғимарат секторындағы энергия тиімділігі саласындағы, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін енгізу саласындағы озық тәжірибесін зерделеу болып табылады. Жұмыс сапары барысында қатысушылар энергиямен жабдықтау, ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалану салаларындағы инновациялық шешімдерге назар аудара отырып, энергетикалық ауысу мен климатты қорғаудың практикалық іске асырылуын көрсететін Берлин қаласындағы бірнеше нысандар мен жобалау алаңдарын аралады.

Сапарды қорытындылай келе, Құрылыс және тұрғын үй шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы энергия тиімділігі саласындағы бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруда үлкен әлеуетті көріп отырғанын айтты. «Қазақстан мен Германия арасындағы энергия тиімділігі саласындағы халықаралық әріптестікті іс жүзінде іске асыру мақсатында көпжылдық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға дайын, - деп атап өтті Ә.Пазылбекұлы.

Айта кетерлігі, іс-шараны Неміс энергетикалық агенттігі ұйымдастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға