Жаңалықтар

Қазақстан мен Франция жемқорлыққа қарсы бірлескен Меморандумға қол қойды

Осы құжат шеңберінде екі тарап арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу көзделген
Қазақстан мен Франция жемқорлыққа қарсы бірлескен Меморандумға қол қойды
Фото: Аникор 01.12.2022 10:47 1045

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Мемлекет басшысының Францияға ресми сапары шеңберінде, сондай-ақ 2022 жылғы 30 қарашада Париж қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Францияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің директоры Шарль Дюшенмен кездесті.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және онымен күресу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы құжат шеңберінде екі тарап арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның алғышарттары мен салдарын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты стратегиялық жоспарлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби білім мен зерттеулер мәселелерінде тәжірибе алмасуды жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұдан басқа екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірлескен оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға ниет білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға