Жаңалықтар

Қазақстан мен Франция қандай құжаттарға қол қойды

Қазақстан мен Франция қандай құжаттарға қол қойды
Фото: Akorda.kz 01.11.2023 15:09 1015

Ақордада Қазақстан мен Франция мемлекет басшыларының екіжақты келіссөз жүргізу барысында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Француз Республикасының сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты Оливье Бешт Қазақстан Республикасының үкіметі мен Француз Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобын құру және оның жұмыс істеуі туралы келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев және Француз Республикасының сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты Оливье Бешт Қазақстан Республикасының үкіметі мен Франция Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында халықаралық мектептер құруға және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында француз тілін оқытуға қатысты келісімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев және Француз Республикасының өнеркәсіпке жауапты экономика, қаржы, өнеркәсіптік және цифрлық егемендік министр-делегаты Ролан Лескюр Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша ынтымақтастық туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

«QazBioPharm «ҰХ» АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы арасында Қазақстан Республикасында аусылға қарсы вакцинаны жергілікті өндіру бойынша ынтымақтастық, лицензия және жеткізу туралы келісімге қол қойылды. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және «Total Eren Total Energies» бизнесті дамыту жөніндегі жаһандық басшысы вице-президент Фабьен Демол энергияны жинақтау жүйесі бар жиынтық қуаты 1 ГВт желі электр станцияларын салу жобасы бойынша бірлескен кәсіпорын туралы келісімге қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға