Жаңалықтар

Қазақстан мен Еуропа арасында өзара іс-қимылды арттыруда мүдделілік бар

Қазақстан мен Еуропа арасында өзара іс-қимылды арттыруда мүдделілік бар
Фото: ortcom.kz 10.03.2023 16:39 2277

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аманкелді Таженов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Еуропалық Одақтың энергия өндіруші елдерге деген қызығушылығының артуы біздің еліміз үшін транзиттік логистикалық салада, сондай-ақ еліміздің экономикасына озық Еуропалық технологиялар мен инновацияларды тарту тұрғысынан қосымша мүмкіндік ашады. Қара теңіз арқылы Еуропаға мұнай тасымалдау проблемаларын Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша жеткізілімдерді ұлғайту арқылы шешуге болады», деді Аманкелді Таженов.

Сондай-ақ  ол Қазақстан Каспий теңізі, Оңтүстік Кавказ бен Қытайдан Германияға жаңа жұп темір жол бағытын тарту арқылы жүзеге асыруға болатындығын айтты.

«Қазақстан мен Еуропа арасында өзара іс-қимылды арттыруда мүдделілік бар. Атап айтқанда көлік логистика саласында жаңа транзиттік маршурттар жүргізуге болады», деді «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Осыған дейін басқарма төрағасы әлемнің көптеген елдерінде экономиканың өсу қарқыны төмендегенін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар Cыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанның Еуропамен қарым-қатынасының сапасы мен сипатының ұлғайғанын хабарлаған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға