Жаңалықтар

Қазақстан мен Черногория консулдық салада «сағат теңестірді»

Қазақстан мен Черногория консулдық салада «сағат теңестірді»
Фото: gov.kz 29.03.2023 21:29 700

Қазақстан Республикасы мен Черногория арасында алғашқы консулдық консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ал Черногорияның делегациясын Сыртқы істер министрлігінің Консулдық істер және эмиграцияға әрекеттестік бас директорының міндетін атқарушы Станица Попович бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CІМ-ге сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты қатынастардың бірқатар мәселелерін талқылады. Соның ішінде Қазақстан мен Черногория арасындағы нормативті-құқықтық шарттар базасын ұлғайту, миграция және реадмиссия мәселелері көтерілді.

Консультациялар нәтижесі бойынша екі мемлекет арасында консулдық саладағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға уағдаластық орнатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға