Жаңалықтар

Қазақстан мен Бангладеш СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Бангладеш СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: gov.kz 24.09.2023 19:28 484

БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бангладеш Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Абул Калам Абдул Моменмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін қарастырып, бірқатар халықаралық және өңірлік құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам әріптестік ұйымы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы шеңберінде ынтымақтастықты талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бангладеш Халық Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Аталған құжат екіжақты қатынастардың нығаюына оң үлесін қосады.

Соңғы жылдары екі ел арасында сауда мен экономика салаларындағы ынтымақтастықтың кеңеюі байқалуда. 2023 жылдың бірінші 7 ай ішінде екіжақты тауар айналымы 53,8 млн АҚШ долларға жетіп, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 133%-ға өсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға