Жаңалықтар

Қaзақстaн мeн Әзeрбaйжaн мaңызды құжaтқa қoл қoйды

Қaзақстaн мeн Әзeрбaйжaн мaңызды құжaтқa қoл қoйды
Фото: Ақорда 10.04.2023 17:23 1672
Қaзaқстан мен Әзербайжан Pecпyбликacының бaсшылары маңызды құжатқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербaйжaн Республикасының прeзиденті Ильхaм Әлиeв екі ел арасындағы жоғары мемлекетаралық кеңесті құру туралы хаттамаға және президенттер арасындағы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
 
«Қазақстан мен Әзербайжан ежелден достығы берік, бауырлас халықтар. Біздің салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз, тіліміз бен дініміз ұқсас. Ең бастысы тарихы тамырлас елдердің мақсаты ортақ. Сондықтан бүгінгі сапардың маңызы ерекше. Екі ел арасындағы байланыстар өзара қолдауға негізделген. Яғни, екіжақты ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мол мүмкіндік бар. Біз бүгін шағын және кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөздер өткіздік. Сауда-экономика, көлік транзит, энергетика салаларындағы қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқыладық. Мәдени гуманитарлық байланысты тереңдетуге қатысты бірақатар келіссөздерге қол жеткіздік. Осы сапардың нәтижелері Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», - дeді Мeмлeкeт бacшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, Әзербайжанда қазақстандық капиталы бар 150-ге жуық компания жұмыс істейді.  Ильхам Әлиев әзербайжандықтардың және өз aтынaн Қaзaқстaн Прeзидентіне алғысын білдірді. Екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас одан әрі нығaймaқ. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға