Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Әзербайжанның Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі СІМ-не сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар көпжақты платформалар, атап айтқанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) және тағы басқа ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараптар сондай-ақ Баку қаласында саммит форматында өтетін COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Қосылмау қозғалысы байланыс тобының отырысын, Түркістан қаласындағы 10-шы ТМҰ саммитін, Нуакшот қаласындағы ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.
Дипломаттар ынтымақтастықтың көпжақты форматтар шеңберінде тығыз байланыста болуға келісті.