Қазақстан мен Аустрия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Аустрия тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Аустрия Республикасының Еуропалық және халықаралық істер федералды министрі Беате Майнль-Райзингермен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді». Соңдай-ақ өзекті өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар екі елдің СІМ басшылары 2025 жылдың сәуір айында Астанада өткен Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес отырыстарының қорытындыларын қолдап, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Министрлер бірқатар мәселелер бойынша ұқсас қөзқарастарын атап өтіп, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі, оның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ алаңдарында сындарлы диалог пен өзара іс‑қимылды жалғастыруға уағдаласты.

